cxIw9vxGnoCx2VQ5AQAVZxjJygiLj7CkkvXy7cry
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Альварестің дегені болды. "Канело" - Головкин жекпе-жегіне қатысты келіссөздердің егжей-тегжейі жария болды

Альварестің дегені болды. "Канело" - Головкин жекпе-жегіне қатысты келіссөздердің егжей-тегжейі жария болды
Сурет: boxingscene.com
Мәлімет көздеріне сүйенген ESPN және The Athletic порталдары мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек қыркүйекте Мексиканың тәуелсідік күні қарсаңында өтетінін хабарлады. 

Ұзақ әрі ауыр өткен келіссөздер нәтижесін беріп, тараптар осындай келісім жасады. Дегенмен боксшылар трилогия алдында аралық жекпе-жектер өткізеді. Альварес екінші орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО), ал Головкин - міндетті қарсылас Камил Шереметамен (21-0, 5 КО).

Келесім жасалды, алайда, короновирусқа байланысты көптеген жекпе-жек өткізілмей жатқандықтан бұл туралы ресми хабарланбады. Осы аптада промоутерлер "Канело" - Сондерс жекпе-жегі туралы ресми құлақтандырады, бірақ, оның өтетін күні белгісіз болып қала бермек. 

DAZN стриминг қызметі "Канело" мамырға қарсылас таңдамай тұрып, Головкинмен үшінші жекпе-жек бойынша келісімшартқа қол қоюды ұсынған.

DAZN жетекшілерінің бірі Джон Скиппер Сан-Диегоға жеке барып, Альваресті осындай келісімшартқа көндірген. Головкиндікінен айырмашылығы "Канелоның" DAZN-мен келісімінде үшінші жекпе-жек туралы шарт жоқ болған екен. Сондықтан платформа бұл мәселе бойынша бөлек келісім жасауына тура келген. 

"Канело" өз кезегінде Головкинмен үшінші рет жұдырықтасу үшін кепілді 35 миллионнан артық төлем сұраған. Оның үстіне мамырдағы аралық жекпе-жегінде басында келіскендей Смитпен емес, Сондерспен кездесуді талап еткен. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар