Альварестің дегені болды. "Канело" - Головкин жекпе-жегіне қатысты келіссөздердің егжей-тегжейі жария болды
Сурет: boxingscene.com
Мәлімет көздеріне сүйенген ESPN және The Athletic порталдары мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек қыркүйекте Мексиканың тәуелсідік күні қарсаңында өтетінін хабарлады.
Ұзақ әрі ауыр өткен келіссөздер нәтижесін беріп, тараптар осындай келісім жасады. Дегенмен боксшылар трилогия алдында аралық жекпе-жектер өткізеді. Альварес екінші орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО), ал Головкин - міндетті қарсылас Камил Шереметамен (21-0, 5 КО).
Келесім жасалды, алайда, короновирусқа байланысты көптеген жекпе-жек өткізілмей жатқандықтан бұл туралы ресми хабарланбады. Осы аптада промоутерлер "Канело" - Сондерс жекпе-жегі туралы ресми құлақтандырады, бірақ, оның өтетін күні белгісіз болып қала бермек.
DAZN стриминг қызметі "Канело" мамырға қарсылас таңдамай тұрып, Головкинмен үшінші жекпе-жек бойынша келісімшартқа қол қоюды ұсынған.
DAZN жетекшілерінің бірі Джон Скиппер Сан-Диегоға жеке барып, Альваресті осындай келісімшартқа көндірген. Головкиндікінен айырмашылығы "Канелоның" DAZN-мен келісімінде үшінші жекпе-жек туралы шарт жоқ болған екен. Сондықтан платформа бұл мәселе бойынша бөлек келісім жасауына тура келген.
"Канело" өз кезегінде Головкинмен үшінші рет жұдырықтасу үшін кепілді 35 миллионнан артық төлем сұраған. Оның үстіне мамырдағы аралық жекпе-жегінде басында келіскендей Смитпен емес, Сондерспен кездесуді талап еткен.

Жарнама