Екінші орта салмақта IBO чемпионы болған Крис Юбенк (32-2, 23 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (58-2-2, 39 КО) жеңілген Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"GGG, жақсы өнер көрсеттің. Енді орта салмаққа орал, сосын желтоқсанда сенде қалған белбеулер үшін айқасайық немесе оларды бере сал. Алдағы бірнеше жыл мен оларға күтіп қараймын. Сен зейнетте рахаттанып жүргенде... Сен осындай құрметке лайықсың, чемпион", - деп жазыпты Юбенк "твиттер" желісінде.