Бокс
26 қыркүйек 2019 13:25

"Альваресті нокаутқа". Головкиннің бапкері жекпе-жекті ерте аяқтаудың сырын ашты

© boxingscene.com
Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) бапкері Джонатан Бэнкс қазақстандық боксшыға мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (52-1-2, 35 КО) нокаутқа түсіруге көмектесе алатынына сенімді, - деп хабарлайды Boxing247.com.


"Головкинге Альваресті нокаутқа түсіруге көмектесе аламын деген ойдамын. Бұл біздің ең үлкен мақсатымыз. Бірақ мен боксшыларды бір соққымен нокаутқа түсір деп кеңес бермеймін.

Боксшылардың жақсы жұмыс сітегенін қалаймын. Нокаут сериялық соққыдан кейін болу керек. Қарсыласты соққының астында қалдыру қажет, не болады екен деп күтпей немесе бір ғана жақсы соққым тиеді-ау деп үміттене бермей. Біз бір соққыға ғана жұмыс істемейміз. Соққылар сериясына дайындаламыз. Олардың кез келгені қарсласты есеңгіретіп, жекпе-жекті аяқтай алады. Біздің жұмыс дәл осыған бағытталған", - дейді Бэнкс.