Жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) және белбеуге міндетті қарсылас Хильберто Рамирес (44-0, 30 КО) жекпе-жек туралы келісімге келді, деп хабарлайды vRINGe.com порталы ESPN-ге сілтеме жасап.
Жекпе-жек 5 қараша Араб Әмірліктерінде өтеді.
31 жастағы Бивол мамырда мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) төрешілер шешімімен жеңген.
Ресейлікпен жасты Рамирес өткен айқасында германиялық Доминик Бесельді (32-3, 12 КО) нокаутқа түсірді.
Мұның алдында WBA Биволдың міндетті қорғауын шегеру туралы ұсынысты қабылдамады: ресейлік боксшы британиялық Джошуа Буатсиге (16-0, 13 КО) қарсы ерікті қорғау өткізгісі келген.