Альваресті 69 секундта жеңген Жүкембаев мәлімдеме жасады
Бірінші орта салмақта ел намысын қорғап жүрген Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті жеңген соң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бірінші орта салмақта ел намысын қорғап жүрген Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті жеңген соң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Канаданың Монреалінда өткен бокс кешінде қос алып алты раунд жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда Жүкембаев небәрі 69 секунд ішінде қарсыласын сабап тастаған соң төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
"Монреальға қайта келгеніме қуаныштымын. Бүгін көрсеткен боксым көңілімнен шығады. Осыған дейін Матиаспен болған кездесуде бірнеше қателік жібердім. Соның салдары мен үшін қымбатқа түсіп еді. Қай жерде қателік жібергенімді түсіндім", - дейді Жүкембаев.
Еске салайық, Батыр Жүкембаев биылғы жылдың мамыр айында АҚШ жерінде алғашқы айқасын өткізіп, пуэрторикалық Сабриэль Матиасқа (17-1, 17 КО) есе жіберген болатын. Сол жекпе-жектен кейін жерлесіміз Eye of The Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартты үзді.
Жарнама