Альвареспен трилогиядан кейін Головкин карьерасына қатысты сұраққа нақты жауап берді

©Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (58-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жектен кейін карьерасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегастағы бокс кешінің басты айқасы толық 12 раунд өтіп, төрешілер шешімімен мексикалық басым түсті. 

- Трилогиядан кейін ("Канеломен") карьераң жалғаса ма?

- Әрине, менің жоспарларым өте үлкен. Біраз қарсылас бар. "Канело" мен бокс жанкүйерлерін құттықтаймын. Орта салмақта үш белбеуім барын ұмытпаңыздар. Мен ораламын. Мен әлі чемпионмын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии