Альварес пен Бивол жекпе-жегінің гонорары белгілі болды

©Matchroom

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) пен ресейлік Дмитрий Биволдың (19-0, 11 КО) алатын гонорарлары белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

TotalsPortal мәліметінше, Альварес алдына ала келісілгендей 15 миллион АҚШ долларын алса, Бивол екі миллион табыс көреді.

Сонымен қатар, телевизиялық (PPV) көрсетілімінен түсетін табыстың 70 пайызын "Канело" және қалған 30 пайызын ресейлік былғары қолғап шебері алады. Барлығын қосқанда Дмитрий Биволдың есепшотына бір жекпе-жектен кейін төрт миллион доллар түседі.

Еске салайық, "Канело" мен Бивол жекпе-жегі ертең 8 мамыр күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport