Головкиннің айтуынша, "Канело" нағыз қарсыласымен шықпас үшін Сергей Ковалевпен жұдырықтасуды ұйғарған. Айта кетейік, Головкин мен Альварес осыған дейін екі рет шаршы алаңда жұдырықтасты. Олардың бірінші кездесуі 2017 жылы қыркүйекте тең аяқталды, ал бір жылдан соң төрешілер жеңісі мексикалыққа берген еді.
"Мен өзімді жақсы сезінемін, чемпион секілді. Мен үшін әр жекпе-жек чемпиондық кездесу. Өзімді әрдайым біркелкі сезінемін. Барлық жекпе-жек мен үшін маңызды.
Альварес менімен жұдырықтасқысы келмейді, не жұдырықтаса алмайды, өйткені ол өзіне тиімді жалғы жолды таңдап, Ковалевпен жұдырықтасатын болды. Ол маған жекпе-жек ұсынып, өзі бас тартты. Бұл дегеніміз - менімен шаршы алаңда кездеспеу ұшін Ковалевті таңдағаны.
Альварес неліктен Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуден бас тартқанын түсіндірді
Қарсыласты бағаламауға болмайды. Кез келген жағдайда дайындалу керек. Бұл дуэль секілді. Бұған дейін қанша дуэль өткізгенің маңызды емес. Осы ең соңғысы болуы мүмкін. Деревянченконың жекпе-жекке деген қарым-қатынасы мен маған деген сыйластығы, Сергейдің тиянақты дайындығының белгісі", - дейді Головкин.
Головкин 5 қазанда Нью-Йоркте шаршы алаңға қайтып оралады. Ол украиналық Сергей Деревянченкомен орта салмақта IBF және IBO белбеулері үшін жұдырықтасады.
Ал 2 қарашада Лас-Вегаста Альварес-Ковалев кездесуі өтеді. Олар жартылай ауыр салмақта WBO белбеуін сарапқа салады.