Бокс
21 тамыз 2019 17:55

Альварес Головкиннің жанкүйері болып шықты

© HBO
Жеңіл салмақта UFC мен Bellator промоушенінің бұрынғы чемпионы америкалық Эдди Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін тамашалауды ұнататынын айтады.

"16 жасымнан жұдырықтасып келемін және спортты түсінемін. Жекпе-жектерді сүйем. Мәселен, "Канело" Альварес немесе Геннадий Головкин. Олар кіммен жұдырықтасатынын маңызды емес. Олардың жұдырықтасқанын тамашалаған ұнайды. Қай платформада көрсметілетінін де бәрібір. Маған ұнайтындар: Альварес пен Головкин, Джастин Гэтжи. Өз жанкүйерлерімнен де осындайды күтем. Жекпе-жегім қайда өтетініне қарамай, жұдырықтасқанымды тамашалағанын қалар едім. Жұдырықтасатын спортшының брендіне қарау керек, компания брендіне емес", - дейді Альварес ESPN тілшісі Ариэль Хельваниге берген сұхбатында. 

Еске салайық, Головкин және "Канело" екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте тең түсті, ал келесі жылы мексикалық төрешілер шешімімен басым болды.