Альварес Головкинмен трилогия алдында допинг қолданып жүр ме?

16 қыркүйек 2022 13:39
©twitter.com/Canelo

Америкалық белгілі бапкер Фредди Роуч мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) және Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) трилогиясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Алдыңғы екеуін тамашалу рахат болды. Бұл енді үшінші айқас. "Канело" мықты жігіт. Айтарлықтай іріленіп, бұлшық ет жинапты. Тіпті жаңа бұлшық еттер өсіріпті. Табиғи жолмен жеткен шығар деп үміттенемін. 

Жастық пен жылдамдық - бұл әрине жақсы, алайда, күш те маңызды. Алдыңғы екі айқаста олар бетпе-бет жұдырықтасты. Міне үшінші жекпе-жекті тағатсыздана күтуім осыдан. Аты шыққан, мықты боксшылар кездеседі. Қара құрым халық жиналады, керемет атмосфера болады. 

Головкин жақсы досым. Ол менің залыма келіп, Мэнни Пакьяомен жүздескен еді. Бір чемпион екіншісіне қонаққа барғанын бұрын көріп пе едіңіздер?" - деп береді Роучтің сөзін Fightnews.info.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport