Алуа Балқыбекова Азия чемпионатының финалына шықты

©

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Азия чемпионы атанған отандасымыз Алуа Балқыбекова Азия чемионатының финалына шықты.

Ол 48 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Фарзона Фозилова кездесті.

Жекпе-жек тартысты өтіп, жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Бұған дейін шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай, Мәдина Нұршаева, Ләззат Күнгейбаева қарсыластарынан жеңіліп, бокстан Азия біріншілігінің қола медалін иеленді. Ал Жайна Шекербекова тайвандық спортшыдан басым түсіп, финалға шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар