Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогын сәтті бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда болгар боксшысы Златислав Чукановамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Алуа екі дүркін әлем чемпионы атағына ие. 2025 жылы World Boxing және ІВА ұйымдастырған екі жарыста да топ жарған болатын.
Жарнама