Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстан құрамасының боксшысы Алуа Балқыбекова Түркияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ширек финалда отандасымыз Үндістан елінің өкілі Нитуға қарсы жұдырықтасты. 48 келіге дейінгі салмақта болған бұл жекпе-жекте Балқыбекова 3:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Осылайша, отандасымыз кем дегенде әлем біріншілігінің қола жүлдесін еншіледі. 

Енді Балқыбекова жартылай финалда Болгарияның намысын қорғайтын 37 жастағы Севда Асеноваға қарсы кездесу өткізеді. 

Айта кетейіік, Ыстамбллдағы әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері 18 мамырға  жоспарланған. Ал финалдық жекпе-жектер 19-20 мамырда болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport