1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 20:39
 

Алтыннан үмітті боксшымыз жартылай финалға да жетпеді

  Пікірлер

blog.share

Алтыннан үмітті боксшымыз жартылай финалға да жетпеді ©СДД

Қазақстан құрамасының негізгі боксшыларының бірі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" - 2026 турнирінде жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының негізгі боксшыларының бірі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" - 2026 турнирінде жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/4 финалында қазақстандық боксшы америкалық Лавант Броунлиге қарсы шаршы алаңға шықты. Кездесу қорытындысы бойынша Базарбайұлы 0:5 есебімен жеңіліс тапты.

Осы жеңісінің арқасында Броунли жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге жетті.

Айта кетейік, бұл 27 ақпандағы Қазақстан құрамасы үшін үшінші жеңіліс болды. Бұған дейін 55 келіде Бағлан Кенжебек пен 65 келіде Ертуған Зейнуллинов жарыс жолынан шығып қалған еді. Ал 50 келіде Даниал Сәбит жартылай финалға өте алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!