Бүгін, 25 қаңтарда Бангкоктағы Азия чемпионатының бұрымдылар арасындағы финалдық айқастары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алтынды сарапқа салу үшні рингке Қазақстан атынан екі боксшы шығады.
70 келіде Жасмин Қизатова өзбекстандық Азиза Зокировамен, ал Гүлсая Ержан 81 келіде таиландтық Порннип Чутимен жұдырықтасады.
Жекпе-жектердің трансляциясы Астана уақытымен 13:00-де басталады.