Бокс
8 мамыр 2023 11:34

Алтынға басты үмітіміздің бірі Махмұт Сабырхан Ташкентте алғашқы айқасын өткізеді

©Asian Boxing Confederation

54 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Ташкенттегі әлем чемпионатында алғашқы айқасын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Махмұт 2023 жылғы Азия чемпионы, 2021 жылғы ӘЧ мен 2022 жылғы АЧ-де күміс жүлдегер болған. Оны әйгілі украиналық боксшы Василий Ломаченкомен стиль ұқсастығы үшін Қазақстандық Ломаченко деп атап кеткен. 

Қазақстандық боксшы бүгін 15:00-де басталатын күндізгі сессияда А рингіне шығады. Қарсыласы венгриялық Иштван Шака. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport