Алтынға айқасады. Қазақстандық боксшы Ханчжоуда финалға шықты

©Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Ханчжоудағы Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

92 келіден аса салмақтағы 1/2 финалда Қамшыбек үндістандық Нарендермен жұдырықтасты.

Үш раунд қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы таза жеңіске жетті - 5:0.

Осылайша, Қамшыбек осы жарыста бокстан финалға шыққан алғашқы қазақстандық болып отыр. Енді оның алтын үшін айқасы 5 қазанда өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport