Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
71 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда ол Қырғызстан боксшысы Ихтияр Нишоновты 5:0 есебімен жеңді.
Абылайхан Жүсіпов - әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері (2017, 2019, 2021), сондай-ақ 2024 жылғы Азия чемпионы.