Алтынға айқасады. Ханчжоудағы Джалолов - Қоңқабаев жекпе-жегіне трансляция

©IBA

Бүгін, 5 қазанда Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында екі қазақстандық боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алдымен рингке 57 келіде өнер көрсететін Карина Ибрагимова шығады. Оның финалдағы қарсыласы тайвандық Тин Ю Линь. Бұл жекпе-жек Астана уақытымен 17:00-де басталады. 

Ал 19:15-те Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Джалолов 92 келден аса салмақта Азиада алтынын сарапқа салады. 

Екі жекпе-жекті де Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телераның ресми сайтында қолжетімді.

Qazsport арансындағы трансляция

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport