Бүгін, 11 қараша Амманда (Иордания) бокстан Азия чемпионатында бұрымдылар арасында финалдық айқастар өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Құрлықтық жүлде үшін төрт қазақстандық таласады.
Кеше Алуа Балқыбаева (48 келі) жапониялық Като Хикарудың жарақат алып қалуына байланысты жекпе-жексіз Азия чемпионы атанған болатын.
Алайда Халықаралық бокс қауымдастығы мен Бокстың азиялық конфедерациясы Балқыбекованы 16:00-де басталатын күндізгі сессияға қосып қойыпты. Біріші жұп.
Төртінші жұп Жәйна Шекербекова (54 келі) таиландтық Джутамас Джитпонгпен алтын үшін айқасады.
Карина Ибрагимова (57) бесінші жұпта. Қарсыласы жапониялық Ирие Сена.
Ал 11-жұпта Гүлсая Ержан (81) үндістандық Савитимен Азия чемпионы атағын сарапқа салады.