Софияда (Болгария) басталған халықаралық Странджа кубогі-2026 турнирінде Қазақстан құрамасының бір өкілі финалға мерзімінен бұрын жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы Надежда Рябец шешуші кезеңге тікелей өтті. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын үшін ол түркиялық Ярен Дюзташ пен өзбекстандық Рухшона Парпиева арасындағы жекпе-жек жеңімпазымен айқасады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыста кемінде бір күміс жүлдені айқассыз қамтамасыз етіп отыр.
Айта кетейік, Странджа кубогі-2026 турнирі 23 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Байрақты бәсекеге Қазақстан ұлттық бокс құрамасы сапынан 39 спортшы (19 ер, 20 әйел) қатысуда. Кейбір салмақ дәрежелерінде ел намысын бірден үш боксшы қорғап жатыр.