auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Алтын жүлдесіз". Қазақстан құрамсы екінші халықаралық турнирден чемпионсыз оралады

Екі қазақстандық финалға шыққан еді.

"Алтын жүлдесіз". Қазақстан құрамсы екінші халықаралық турнирден чемпионсыз оралады
© ҚР ҰОК баспасөз қызметі
0
Финляндия астанасы Хельсинкиде бокстан жыл сайынғы Gee Bee турнирінің кезекті жарысы аяқталды. Халықаралық сайыста қазақ боксшыларына алтын медаль бұйырмады.

Биыл 38-ші рет ұйымдастырылған бокс сайысына 14 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан құрамасы сапында 10 боксшының жетеуі жүлдеге ілікті.

Хельсинкиге Қазақстан құрамасы негізгі құрамда барған жоқ. Бас жаттықтырушы Ғалымбек Кенжебаев жас боксшыларғды сынап көруге аттандарды. Бұл жарыс алдағы Азия чемпионатына дайындықтың бір парасы болды.

Жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы атанған Айбек Оралбай (91 келі) финалға дейін сүрінбей жетті. Тек шешуші шайқаста Англиядан келген Чиван Кларкқа ұпай айырмасымен есе жіберді.

52 келі салмақ дәрежесінде Азат Махметов финалда қырғыз боксшысы Азат Үсеналиевпен жұдырықтасты. Бұл кездесуде де төрешілер жеңісті қазақстандық боксшының қарсыласына берді.

Ержан Жомарт (49 келі), Жанболат Қыдырбаев (56 келі), Талғат Шайкен (69 келі), Тимур Ержанов (81 келі) және Нұрбек Оралбай (75 келі) жарыстың қола жүлдегерлері атанды.

Жеті медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы жалпы есепте 5-ші орында. Алғашқы төрттікте Англия, Үндістан, Ресей және Финляндия құрамалары.

Өткен жылы қазақстандық боксшылар дәл осы жарыста 5 алтын, 1 күміс медаль еншілеген.

Айта кетейік, ақпан айында бокстан ұлттық құраманың негізі құрамы Болгария елінің астанасы Софияда өткен "Странджа" халықаралық турниріне қатысқан. Өкінішке қарай, финалға шыққан қазақстандық бес боксшы да алтын иелене алмады. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тег:
Жаңалықтар