Алты боксшымыз да жеңіске жетті! Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының ширек финалында
Сербияның астанасы Беолград қаласында шаршы алаңына бүгін шыққан алты боксшымыз де жеңіске жетті. Соңғы болып бүгін ширек финалдың жолдамасын 21 жастағы Нұрбек Оралбай еншіледі, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

1/8 финалда 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Оралбайдың қарсыласы венгриялық Пал Ковач болды. Бұл кездесуде жастар арасында әлем чемпионы атанған отандасымыз төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімі бойынша жеңіске жетіп, келесі айналымға шықты.
Енлі қазақстандық боксшының ширек финалдағы қарсыласы сербиялық Владимир Мирончиков болады. Бұл жігіт негізі Ресейде дүниеге келген. Бірақ осы әлем чемпионатының алдында Сербия азаматтығын алған.
Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатының 1/4 финалына Нұрқанат Райыс (75 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі) және Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) шыққан еді.
Жарнама