Әлімханұылның келесі жекпе-жегіне мықты қарсылас ұсынылды

©twitter.com/trboxing

Decision Dividida промоутерлік компаниясының матчмейкері Кике Родригес қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) доминиканалық Карлос Адамеспен (23-1, 18 КО) айқасын тамашалу қызықты болатынын айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен демалыс АҚШ-тың Розенберг қаласында өткен бокс кешінде Жәнібек WBO және IBF титулдары сарапқа салынған айқаста германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірді. 

"Спорттық сайыс жағынан Әлімханұлының Адамеспен жекпе-жегін тамашалау керемет болар еді. Бірақ екеуіне айқасу қаншалықты тиімді екенін білмеймін. Меніңше, екеуінің ешқайсы да ақылы трансляция алып келе алмайды", - дейді Родригес. 

Айта кетейік, Адамес WBC ұйымының "уақытша" чемпионы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport