Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (14-0, 9 КО) келесі қарсыласы атануы ықтимал боксшылардың есімі белгілі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында Жәнібектің өзі келесі айқасының қазан айына жоспарланғанын хабарлаған. Алайда ол жекпе-жектің өтетін орнын да, қарсылас кім болатынын да нақтыламады.
Дереккөз ақпараты бойынша, Әлімханұлының келесі қарсыласы орта дивизионда IBF чемпионы, германиялық Винченцо Гуалтьери (21-0-1, 7 КО) немесе WBO рейтингінде төртінші тұрған британиялық Феликс Кэш (16-0, 10 КО) болады.