Бокс
18 шілде 12:08

Әлімханұлының үш титул үшін айқасы өтпейді. Кімнің кесірі екені ашық айтылды

©Тұрар Қазанғапов

Сауд Арабиясының Ойын-сауық істері жөніндегі Бас басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) арасындағы жекпе-жек неге өтпей қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Функционердің айтуынша, бұл жекпе-жекті 22 қараша күні Эр-Риядта өтетін ауқымды бокс кеші - "Чемпиондар түні" шоуының аясында өткізу жоспарлаған еді. Кештің басты оқиғасы Давид Бенавидес пен Энтони Ярд арасындағы айқас болмақ.

ThaBoxingVoice эфирінде Турки Әл аш-Шейх келіссөздер барысында Адамес тарапынан кідірістер болғанын айтып, соның салдарынан келісім жүзеге аспағанын мәлімдеді.

"Мен ашық айтқым келеді: Адамес менің уақытымды зая кетірді және мүмкіндікті жіберіп алды. Біз оған жақсы ұсыныс жасадық, бірақ, ол бірнеше күн бойы жауап бермеді. Кейбір ұсақ-түйек мәселелер шықты, оны мен түсінбедім. Ақырында мен ұсынысты қайтарып алдым. Жәнібек тарапынан ешқандай қиындық болмады, жекпе-жектің өтпеуіне себепкер болған - Адамес", — деді ол.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Ал Карлос Адамес осы салмақтағы WBC титулына ие.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport