Сарапшылар қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) орта салмақта абсолют әлем чемпионы атану мүмкіндігі жайлы пайымдарын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлімханұлы қауіпті қарсыласпен айқасады6 желтоқсанда IBF және WBO титулдарына ие Жетісу облысының Жыланды ауылынан шыққан боксшы үшінші титул - WBA белбеуі үшін кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) жұдырықтасады.
Алайда жеңіске жеткен күннің өзінде Әлімханұлына абсолют чемпион атану үшін тағы бір белбеу қажет болады. Ол титул Карлос Адаместе (24-1-1, 18 KO), бірақ, доминиканалық чемпион қазақстандық боксшымен кездесуден бірнеше рет бас тартқан болатын.
Чемпионның жекпе-жектен бас тартуы мүмкінАдамес бұрын да Әлімханұлымен кездесуден бас тартқан"Жәнібектің басты қиындығы Адамес оған қарсы жекпе-жекке ешқашан қызығушылық танытпағандығында. Ал енді Теренс Кроуфорд орта салмаққа ауысып, алтыншы дивизионда чемпион болуға ниет білдіріп жүрген шақта, 31 жастағы Адамеске Әлімханұлымен жұдырықтасу қажеттілігі мүлде азая түседі. Мұндай қауіпті жекпе-жекке келіскенше, Кроуфордты күткен әлдеқайда тиімді емес пе?", - деп жазады Boxingnews24 басылымы.
Айта кетейік, бұған дейін де Адамес пен Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек өтпей қалған. Олар 22 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында жұдырықтасуы тиіс болған. Жекпе-жекті ұйымдастыруымен белгілі инвестор Турки әл әш-Шейх айналысқан еді, алайда, доминикандық боксшы келіссөздерді бұзған болатын.