Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) екінші орта салмақта WBO титулы үшін даниялық Якоб Бэнкпен (20-0, 11 КО) жекпе-жегінің өтетін уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлімханұлының жекпе-жегі қаңтарға ауыстырылдыБастапқыда The Ring журналисі Майк Коппинджер бұл кездесу желтоқсан айында Бэнктің отаны Данияның Копенгаген қаласында өтетінін хабарлаған еді.
Алайда дереккөз кейін ақпаратты нақтылап, жекпе-жек 2027 жылдың қаңтарына ауыстырылғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлы мен Бэнктің командаларына чемпиондық жекпе-жекті ұйымдастыру жөнінде келіссөз жүргізуді міндеттеген болатын. Тараптар 7 қазанға дейін ортақ келісімге келуі керек еді.
Боксшылардың өкілдері белгіленген мерзімде келісімге қол жеткізді. Сондықтан промоутерлік сауда өткізудің қажеті болмай қалды.