Бокс
Бүгін 13:37
 

Әлімханұлының титулды айқасының уақыты нақты белгіленді

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлының титулды айқасының уақыты нақты белгіленді ©x.com/qazaqstyle

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) екінші орта салмақта WBO титулы үшін даниялық Якоб Бэнкпен (20-0, 11 КО) жекпе-жегінің өтетін уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) екінші орта салмақта WBO титулы үшін даниялық Якоб Бэнкпен (20-0, 11 КО) жекпе-жегінің өтетін уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлының жекпе-жегі қаңтарға ауыстырылды

Бастапқыда The Ring журналисі Майк Коппинджер бұл кездесу желтоқсан айында Бэнктің отаны Данияның Копенгаген қаласында өтетінін хабарлаған еді.

Алайда дереккөз кейін ақпаратты нақтылап, жекпе-жек 2027 жылдың қаңтарына ауыстырылғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлы мен Бэнктің командаларына чемпиондық жекпе-жекті ұйымдастыру жөнінде келіссөз жүргізуді міндеттеген болатын. Тараптар 7 қазанға дейін ортақ келісімге келуі керек еді.

Боксшылардың өкілдері белгіленген мерзімде келісімге қол жеткізді. Сондықтан промоутерлік сауда өткізудің қажеті болмай қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!