Әлімханұлының титулды айқасы туралы ресми хабарланды

©twitter.com/qazaqstyle

Америкалық белгілі журналист Дэн Рафаэль орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі туралы ақпаратпен бөлісті, деп жазады Vesti.kz.

Жәнібек IBF желісі бойынша міндетті қарсылас Жаңа Зеландия боксшысы Андрей Михайловичпен титулды айқас өткізеді екен. 

"Жаңа ғана Top Rank Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы әлем чемпионы титулын 13 шілде Лас-Вегаста Андрей Михайловичке қарсы қорғайтынын жария етті. Осы арқылы менің екі апта бұрын блокнотымда жазғанымды растап отыр", - деп жазыпты журналист твиттерде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар