Бокс
Кеше 15:58
 

Әлімханұлының салмағындағы нокаутшы екі белбеуден айырылып қалды

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлының салмағындағы нокаутшы екі белбеуден айырылып қалды ©SUSA / Icon Sport

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында өткен бокс кешінде америкалық боксшылар Диего Пачеко (26-0, 19 KO) мен Дариус Фулгум (15-1-1, 13 KO) титулды айқас өткізді.

blog.share

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында өткен бокс кешінде америкалық боксшылар Диего Пачеко (26-0, 19 KO) мен Дариус Фулгум (15-1-1, 13 KO) титулды айқас өткізді.

Бұл жекпе-жекте Пачеконың суперорта салмақтағы WBC Silver және WBO International чемпиондық белбеулері сарапқа салынды. 12 раундқа жоспарланған кездесу толық өтіп, чемпион төрешілер шешімімен жеңілді – 113:114, 112:115, 112:115.

Осылайша, Диего Пачеко кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырап, екі чемпиондық белбеуінен айырылды. Ал Дариус Фулгум кәсіпқой рингтегі 16-жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, екінші орта салмақта қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) да өнер көрсетеді. Ол 23 қаңтарда WBO белбеуі үшін Якоб Банкпен (20-0, 11 KO) жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!