Германиялық боксшы Гранит Штейн (22-2-1, 12 KO) Ингольштадт қаласында (Германия) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде румыниялық Мариус Антоньеттиді (23-6, 19 KO) нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы бос тұрған IBO International титулын иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Штейн қарсыласын бесінші раундта тоқтаттыОн раундқа жоспарланған жекпе-жек соңғы гонгқа дейін жеткен жоқ. 34 жастағы германиялық боксшы бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл Штейннің кәсіпқойдағы 22-жеңісі болды. Оның еншісінде екі жеңіліс пен бір тең нәтиже бар. Ал Антоньетти кәсіпқой рингтегі 23 жеңісінен бөлек, алтыншы рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, екінші орта салмақта қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) да өнер көрсетеді. Ол 23 қаңтарда осы дивизионда алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Жәнібектің қарсыласы жеңіліс көрмеген даниялық Якоб Бэнк (20-0, 11 KO).
Бұл кездесуде бос тұрған WBO белбеуі сарапқа салынады.