Өзбекстандық Баходир Джалолов (12-0, 12 КО) әйгілі промоутер Боб Арумның Top Rank компаниясымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz сайты ESPN-ге сілтеме жасап.
Top Rank Джалоловқа жаз соңында жекпе-жек ұйымдастырады деп күтілуде. Арумның компаниясы бұл салмақта өзге де боксшылардың ісін жүргізеді - америкалық Джаред Андерсон мен Ричард Торрез (соңғысы 2020 жылғы Олимпиада финалында Джалоловтан жеңілген еді).
Алайда осыған дейін Джалоловтың ісін жүргізіп келген Disrupt Promotions өкілдері өзбек боксшының Top Rank-пен келісімшартының күшін жоймақ.
"Баходирдің адвокаты бізбен келіссөзді енді бастаған (келісімшартты тоқтату бойынша). Бірақ келісімге келмей жатып, Top Rank-пен келісім құжатына қол қойыпты. Бұл іс жүзіндегі келісімшарт ережесін бұзу болып саналады. Демек Top Rank-пен келісімшарттың күші жоқ", - дейді Disrupt Promotions өкілдері.
Ал Top Rank бұл мәлімдеге қатысты түсінік бермеді.