Әлімханұлының промоутері Ломаченконың жеңілісіне қатысты шындықты айтты
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум украиналық Василий Ломаченко абсолют чемпион Девин Хэйниді жеңгенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум украиналық Василий Ломаченко абсолют чемпион Девин Хэйниді жеңгенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Баспасөз мәслихаты кезінде Арум төрешілер шешіміне қатысты пікір білдіруден бас тартты. Ол жанкүйерлер Ломаченконың жеңісін көріп отыр деп мәлімдеді. Ал баспасөз мәслихатына дейін Арум мен Ломаченко арасында қысқа диалог болып, Боб Ломаченко америкалықты оңай жеңгенін айтты:
Арум: "Ренжіме, сен бұл жекпе-жекте оңай жеңдің".
Ломаченко: "Еш қиындықсыз".
Кейін Арум украиналықтың менеджері Эгис Климасқа да ойын айтты.
"Ол жекпе-жекте қарсыласын оңай жеңіп шықты. Оңай", – деді Арум.
Айта кетейік, Боб Арум орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының да ісін жүргізеді.
Жарнама