Әлімханұлының промоутері "Канелоның" келесі қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады

©Fightnews.info

Жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы ресейлік Артур Бетербиев (17-0, 17 КО) немесе WBO титулы бар америкалық Джо Смит (28-3, 22 КО) мексиалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 KO) келесі қарсыласы болуы ықтимал. Бұл туралы Top Rank басшысы Боб Арум мәлімдеді, деп хабарлайды vRINGe.com.

Промоутер Смит белбеуін қорғап, Стив Джеффрардты нокаутқа түсірген жекпе-жекті тамашалады, кейін DAZN платформасына "Канелоның" Бетербиев немесе Джомен жұдырықтасуға ниетті екенін өзіне айтқанын мәлімдеді.

"Осы себептен мен Альварестің жұдырықтасқанды ұнататын екі уақыт - мамыр мен қыркүйекті күтемін. Сол кезде ол жартылай ауыр дивизиондағы осы боксшылардың бірімен айқасады", - дейді Арум.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport