Әлімханұлының промоутері "Канело" мен Бивол айқасының жеңімпазын атады
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 KO) пен ресейлік Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) жекпе-жегінің жеңімпазын атады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Арумның айтуынша, "Канело" ресейліктің титулын тартып алады. Қос алып арасындағы айқас Лас-Вегаста 8 мамыр күні өтеді.
"Менің ойымша "Канело" ерекше боксшы. Бивол да мықты. Бірақ мен Альварес жеңеді деп ойлаймын. Ол Эдди Рейносо деген бапкермен жұмыс істейтін жауынгер. Бивол – панчер емес. Дегенімен оның карьреасында бірнеше маңызды жекпе-жегі болды", - дейді Арум Little Giant Boxing ютуб арнасына берген сұхбатында.
Жарнама