Бокс
15 маусым 2020 09:00

Әлімханұлының промоутері бокстағы келесі супержұлдызды атады

Сурет: allboxing.ru
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум жартылай жеңіл салмақта WBO чемпионы америкалық Шакур Стивенсонды (14-0, 8 КО) бокстың жаңа супержұлдызы деп атады, - деп хабарлайды vRINGe.com.


"Бокста супержұлдыз бола алатындай Шакурде мүмкіндік пен тұлғалық барына сенеміз. Ол өзін осы спортқа арнады, ерекше талантты және көрерменмен бір толқында. Ал екі езуі құлағына дейін жетіп күлгенде... Бұл жігітте еш бөгет болмайтынына кәміл сенемін", - дейді Арум Stats Perform News порталына берген сұхбатында. 

Кейінгі рет Стивенсон 9 мамырда жұдырықтасып, екінші жартылай орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде пуэрториколық Феликс Карабальоны (13-2-2, 9 KO) нокаутпен жеңді. 

"Қатарынан екі соққы, нокаут". Флойд Мейвезер ізбасары Головкин стилінде жұдырықтасып жүр

Айта кетейік, Top Rank компаниясымен орта салмақта WBO Global және WBC Continental Amiericas титулдарына ие қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) да келісімшартта бар.