Бокс
27 сәуір 2020 12:00

Әлімханұлының промоутері америкалық емес боксшыларға жекпе-жек өткізу қиынға соғатынын айтты

Сурет: vRINGe.com
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум коронавирус пандемиясына байланысты үлкен жекпе-жектер ұйымдастыра алмайтынын мойындады, - деп хабарлайды Boxingnews24.com.

Промоутер негізінен жеңіл салмақта WBA, WBO және WBC Franchise чемпионы Василий Ломаченкоға (14-1, 10 KO) тоқталып өтті, украиналық боксшы IBF титулына ие Теофимо Лопеспен (15-0, 12 KO) белбеулер біріктіретін жекпе-жек өткізуі керек.

12 нокауты бар жеңілмеген чемпион Ломаченконы талғанша сабайтынын мәлімдеді

"Мәселен, қазір Ломаченкомен қиындықтар бар. Василий Украинаға оралып, жақындарының қасында. Бұл түсінікті де. Бірақ мәселе Ломаченко тез арада АҚШ-қа келе алатындай ете аламыз ба, жоқ па, білмеймін.

Қазір саяхатқа тыйым салынған. Бұл ереже бокс кешін өткізу үшін алынбайды ғой. Сондықтан бізде АҚШ-тан тыс жүрген шетелдік боксшылармен қиындықтар туып отыр", - деп түсіндірді Арум. 

Айта кетейік, Боб Арум орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global титулдарына ие қазақстандық Жәнібек Әлімханұылының (8-0, 4 КО) да ісін жүргізеді.