Әлімханұлының нокаутпен біткен айқасы жыл жекпе-жегіне ұсынылды

©Top Rank

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) жекпе-жегі Top Rank сауалнамасы тізіміне енді. Отандасымыз жылдың үздік нокаут шебері марапатына үмітті. 

Жәнібек өткен жылдың мамыр айында WBO белбеуін сәтті қорғады. Олькезде канадалық Стивен Батлерді (33-4-1, 27 КО) екінші раундта нокаутпен айқын жеңіп шықты. 

"Эндрю Малони мен Хунто Накатани, Луис Альберто Лопес және Майкл Конлан, Жәнібек Әлімханұлы және Стивен Батлер немесе Чжан Чжилей мен Джо Джойс арасындағы екінші жекпе-жек? Жылдың үздік нокаут шеберіне дәл қазір дауыс беріңіз!", - деп жазды Top Rank промоутерлік компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport