Әлімханұлының менеджері Ломаченконың титулды айқасы жайлы мәлімдеме жасады

©Top Rank

Жеңіл салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Василь Ломаченконың (16-2) менеджері Эгис Климастың сөзінше, Джемейн Ортиспен (16-0) жекпе-жектен кейін украиналық боксшы Девин Хейни (28-0) немесе Джордж Камбососпен (20-1) жұдырықтасады.

"Ломаченко абсолют чемпион атағы үшін айқасады. Василь - WBO титулына міндетті үміткер, бірақ, Хейни мен Камбосос қарымта туралы шартты іске қосып жатыр. Біз Хейниге алдымен Камбососпен жұдырықтасуға рұқсат бердік. Келесі Василь. Хейни мен Камбосос та Ломаченкомен жекпе-жекке келісіп отырған сияқты. Екеу ара айқастың жеңімпазы Ломаченкомен шығады. Біз 2023 жылдың наурыз-сәуіріне дайынбыз", - деп береді менеджердің сөзін talkSPORT.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар