Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) менеджері Берік Сұлтан спортшыға қатысты туындаған допинг дауы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазіргі уақытта боксшы тергеу толық аяқталғанға дейін барлық жекпе-жектерден уақытша шеттетілген. Бұған дейін В сынамасының да тыйым салынған заттың бар екенін растағаны хабарланды.
"Жәнібек ақ! Ешқандай тыйым салынған зат қолданбайды! Бокстағы допинг дауы бойынша мамандар айналысып жатыр. Промоутер менеджерлер мен заңгерлер жұмысын жасауда. Жәнібек те, мен де ешқтеңе жасай алмаймыз, біздікі тек күту! Барынша аз уақытқа шеттетілу бойынша жұмыс жасалып жатыр! Қайғырып отыра бергеннен ештеңе шешілмейді! Бұдан да өтеміз!
В сынамасынан да сол зат шыққан екен. Өкінішті әрине! Бірақ басқаша болу мүмкіндігі төмен еді. Ендігі қадам не болады соны күтудеміз. Біздің мамандар айналысуда! Қайдан ағзаға кіруі мүмкін деген сұрақтар көтерілуде! Өйткені Жәнібек ондай тыйым салынған зат қолданбаған! Күтейік ақырын!", - деп жазды Берік әлеуметтік желіде.
Еске салайық, желтоқсан басында Әлімханұлының А допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. Соның салдарынан оның WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен (32-3-3, 19 KO) жоспарланған титул біріктіретін жекпе-жегі өтпеді.
Тест нәтижелері жарияланғаннан кейін боксшының командасы В сынамасын ашуды талап етті. Бұл рәсім 9 қаңтар күні өтті.
Жарнама