Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) командасы кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) титул біріктіретін жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Жекпе-жек аптасы басталды. Бұйырса осы апта бұйыртса тарих жазылады!", - делінген жарияланған жазбада.
Әлімханұлы орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерге ие, ал Ларада осы салмақта WBA титулы бар.