Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақта рейтингін жаңартты.
Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы. Мейірім Нұрсұлтанов орта дивизион рейтингінде бір саты жоғарлап, алтыншы орынға тұрақтады.
Жаңа зеландиялық Андрей Михайлович бұрын рейтингте жетінші еді, Әлімханұлынан нокаутпен жеңілгеннен кейін ол үздік он бестікке де кірмей қалды.
Жартылай ауыр салмқата Қазақстан тумасы, қазір Германия атынан өнер көрсететін Роман Фресс оннан тоғызыншы орынға көтерілді.