Британиялық боксшы Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) WBO титулы үшін Жәнібек Әлімханұлымен (11-0, 7 КО) өтетін жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"21 мамыр Лас-Вегаста орта салмақта WBO титулы үшін айқасамын. Бұл туралы тоғыз жасымда бокспен шұғылдана бастағанымнан бері армандадым. Мен белбеуді тартып алып, Англияға алып кету үшін келемін", - дейді британиялық Instagram желісінде.