Әлімханұлының қарсыласы атанған боксшы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

©tapology.com

Орта салмақта WBO белбеуінің уақытша чемпиондық жекпе-жегі үшін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) қарсыласы атанған WBO Europe белбеуінің иегері ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) айқасқа қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы мексикалық Хайме Мунгияның (39-0, 31 КО) орнына Жәнібек Әлімханұлымен ұлыбританиялық Дигнум болатынын айтқан еді. 

"Әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасу - менің өмірімдегі ең басты арманым. Тоғыз жасымнан бері спортпен айналысамын. Бұл кездесуде барлық күшімді саламын", - деп жазды Дэнни твиттер парақшасында.

Еске салайық, ұлыбританиялық боксшы Әлімханұлының жарты жылдағы төртінші қарсыласы болып тіркелді. Осыған дейін отандасымыздың қарсыласы ретінде WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО), бразилиялық Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) және Хайме Мунгия қарастылырған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар