Boxing247.com порталының журналисті Майкл Коллинз аты белгісіз британиялық Шакиель Томпсон (13-0, 9 КО) орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) келесі қарсыласы болады деген ақпаратқа қатысты ойын айтты.
Бұған дейін инсайдер Дэн Рафаэль боксшылар жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қоюға аз қалды деген еді.
"Томпсон Англияда өмір бойы түсініксіз қарсыластармен жұдырықтасып жүрді. Сәуір немесе мамырда ол ең төмен деңгейдегі боксшылар санатынан ғаламат үлкен қадам жасайды - Жәнібек Әлімханұлымен екі титул үшін айқас.
Өмірінде ешбір мықты қарсыласпен кездесіп көрмеген Томпсон қалайша тиутылды айқасқа шығатыны таңдандырады. Орта салмақ кейінгі 20 жылда ең нашар дивизион болып тұр, бірақ, Канело Альварес пен Генадий Головкин уақытында бір серпілді. Міне қазір қайтадан ең нашар двивизионда Крис Юбенк, Карлос Адамес, Хамза Шираз бен Эрисланди Лара ең мықты болып отыр. Ал Канело мен GGG кезінде олар ешкім емес еді", - деп жазыпты автор.