Америкалық инсайдер Буг Уильямс орта салмақтағы чемпиондар қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) арасындағы жекпе-жектің нақты күнін атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Уильямс Әлімханұлы мен Адамес соңғы кездері бір-біріне қатысты мәлімдеме жасауды доғарғанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл – дауыл алдындағы тыныштық.
Бокс жанкүйрелерінң бірі боксшылар менеджерлерін қуып жіберегн шығар дегенде, Буг елең еткізер мәлімдеме жасады.
"Мүмкін, олар (Жәнібек пен Карлос) 16 тамызға келісімге келген болар?" — деп жазды Уильямс X желісінде.
Айта кетейік, доминиканалық чемпионның міндетті қарсыласы бар, ол – тағы бір қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (21-0, 17 КО). Мұның алдында Нұрсұлтанов - Адамес айқасы осы жазда өтуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын.