Бокс
Бүгін 10:47
 
Әлімханұлының ең қауіпті қарсыласы бокс аңызының ұлын шалқадан түсірді

  Пікірлер

blog.share

Әлімханұлының ең қауіпті қарсыласы бокс аңызының ұлын шалқадан түсірді ©Видеодан кадр

Англияның Лондон қаласында өткен бокс кешінде орта салмақтағы жергілікті боксшы Дензел Бентли (23-3-1, 18 KO) америкалық кіші Шейн Мослимен (23-6, 13 KO) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек толық 12 раунд өтіп, нәтижесінде төрешілердің шешімімен Бентли жеңіске жетті - 96:93, 95:94, 96:94.

Кездесу тартысты өтті. Дегенмен америкалық боксшының екінші раундта нокдаунға түскенін және жекпе-жектің Ұлыбританияда өткенін ескерсек, төрешілердің шешімі шаршы алаң иесінің пайдасына болуы заңды.

Бұл - Бентлидің кәсіпқой мансабындағы 23-жеңісі. Оның еншісінде үш жеңіліс пен бір тең нәтиже бар. Ал кіші Мосли 23 жеңісінен кейін алтыншы рет жеңіліп отыр. Ол - бокстың аңызы, Даңқ залының мүшесі Шейн Мослидің ұлы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!