Ресейлік "Чемпионат" басылымы 2025 жылы мүлде жолы болмаған топ-5 боксшының тізіміне қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын қосты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек Әлімханұлы
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы биыл бар болғаны бір ғана жекпе-жек өткізді, одан кейін спорттық жетістіктерін шайып кеткен дау-жанжалға тап болды.
"Сәуір айында Жәнібек Анауэль Нгамиссенгемен оңай айқасып, чемпиондық белбеулерін қорғап, жеңіліссіз рекордын сақтап қалды. Осыдан кейін Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен белбеулер біріктіретін жекпе-жеке келісіп, үшінші титулды жеңіп алуға бір қадам қалған болатын. Алайда айқасқа аз уақыт қалғанда Жәнібектің допинг-тесттен өте алмағаны белгілі болды: оның сынамасынан мельдоний табылады. Әрине, осыдан кейін Әлімханұлы жекпе-жектен шеттетілді, ал абсолют әлем чемпионы атану туралы арманы әзірге сол арман күйінде қалды. Бұдан бөлек, 2026 жылдың басында "B" сынамасы ашылды, егер одан да мельдоний анықталса, Жәнібек тек чемпиондық белбеулерінен айырылып қана қоймай, дисквалификацияға ұшырауы да ықтимал.
2025 жылға Әлімханұлы өз дивизионындағы ең үздік боксшы және үстем чемпион ретінде кірсе, жыл соңында допингтік тергеудің фигуранты ретінде аяқтады", – деп жазады дереккөз.
Бұл тізімге сондай-ақ Артур Бетербиев, Джервонта Дэвис, Даниэль Дюбуа және Сауль Альварес те енді.